Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы жаңа тәсілдер

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығында жаңа оқу жылы мен жаңа педагогикалық идеялардың бастауын көрсететін педагогтер үшін дәстүрлі іс – шара –Тамыз қалалық конференциясы өтті.

Өрлеу БАҰО ШҚО бойынша филиалының директоры Гаухар Жұманова үздіксіз білім беру аясында педагогтердің кәсіби дамуының жаңа тәсілдері туралы пленарлық бөлімде Өскемен қаласының ұстаздары қауымдастығы алдында бөлісті.

“Қазіргі заманғы әлем бір орында тұрмайды, ол қарқынды дамуда, ал бұл адамнан жаңа білім мен дағды алуды талап етеді. Үздіксіз білім беру мұғалім мамандығының басты басымдығына айналуда”, – деді Гаухар Сайлаубекқызы конференция қатысушыларына.

Үздіксіз кәсіби даму моделінің негізгі аспектілері, кәсіби мансабының басында педагогтерге қолдау көрсету жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ “Сорос-Қазақстан” қорымен ынтымақтастық, мұғалімдердің өзін-өзі бағалаудың құралдары және жетекші шетелдік тиімді бағалау жүйесі жайлы толығырақ айтып берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар