Мұғалімдердің кәсіби АКТ құзыреттілігін дамыту

2022 жылдың 24 қаңтарында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында  «Пән мұғалімдерінің бейнетаспаға түсіру сабақтарының дағдыларын меңгеруде кәсіби АКТ құзыреттілігін дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқу аудиовизуалды материалдарды жобалау, бейне түсіру, монтаждау және пайдалану саласындағы мұғалімдердің құзыреттіліктерін дамыту болды.

 Семинар қатысушыларына “Ұстаздар үйінде” экскурсия ұйымдастырылды. Олар   “Педагогикалық даңқ” мұражайында, “MakerSpace”, “Өзін-өзі тану”, “Монтессори”, «Жаратылыстану-математика” т.б кабинеттерінде, видеостудия, ақпараттық-әдістемелік орталықта болды.

Шеберлік сабақтары бейнестудия мен MakerSpace шеберханасының білім беру бейнеконтентін жасау, STEM сабақтарын әзірлеу және жаратылыстану сабақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы зор әлеуетін көрсетті.

Барлық қатысушыларға сертификаттар мен институттың басылымы «Педагогика жаршысы» журналын табысталды.

 Мектеп мұғалімдері  ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, семинардың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар