«Өрлеу»-Павлодар филиалының оқу ісі бөлімінің басшысы, «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы пәнаралық тәсіл» білім беру бағдарламасы бойынша тренері Балкен Ауталипова Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде « Халықаралық тәжірибе: ХХІ ғасырдың қажетті дағдыларын қалай дамыту керек(«Soft_hard skills»)» атты семинар өткізді.
Оған аталмыш білім беру ұйымының қырықтан астам қазақ, орыс, ағылшын тілі, математика, музыка, биология, химия, физика, тарих пәндерінің, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты – ұстаздардың 21 ғасырдағы білім алушылардың hard, soft және mobility skills дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдерін меңгеруі болып табылады.
Іс-шара барысында қатысушылар жоғарыда аталған дағдылармен танысып, айырмашылығын түсініп, білім алушылардың дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ, пәнаралық тәсіл жағдайында дағдыларды дамыту картасының негізгі нұсқасын жасауды үйренді.
Қатысушылар үшін семинар қызықты, жаңа ақпаратқа толы әрі әсерлі болып өтті.