Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

2023 жылдың 20 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Арзиева Алияның ұйымдастыруымен Алматы қаласы №101 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мұғалімдерге технологиялық тәсілге негізделген сабақты жобалауға көмектесу. Семинар барысында қатысушылар технологиялық тәсілге негізделген сабақты құрастыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар, сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді, графикалық органайзерлерді, формативті бағалаудың жаңа түрлерін қолдану мәселелері және т.б. қарастырылды.

Семинар қатысушылары өткен іс-шараның тәжірибелік бағытын жоғары бағалады «Рахмет, қызықты және пайдалы болды. Үйренгенімді сабақтарымда қолдануға тырысамын!».

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар