Оралдағы «Өрлеу» институтында 3-14 сәуір аралығында «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орыс және қазақ топтарына қысқа мерзімді курс өтуде. Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан курсқа Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары Сайра Сексенбаева мен Динара Жумагалиева жетекшілік етуде.
Курс тыңдаушылары:
кәсіби қызметті ұйымдастыруда нормативтік құқықтық құжаттарды қолданады және жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары мен принциптерін сақтайды;
ннтернет-платформаларды, Smart құрылғы қосымшаларын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру дағдыларын көрсету және кәсіби қызмет нәтижелерін бағалайды;
балалардың қауіпсіз өмірі мен әлеуметтенуін ұйымдастыру үшін әлеуметтік және тәрбиелік іс-шараларды тиімді жоспарлаудың әдістерін, нысандарын зерттейді.





