2024 жылдың 05 қаңтарында жалпы орта білім беретін ұйым мұғалімдері мен колледж оқытушыларының қатысуымен “Мұғалімнің жобалау құзыреттілігін қалыптастыру” атты облыстық семинар-практикум өтті. Семинар барысында спикер, Қобда ауданы Қызылжар орта мектебінің мұғалімі, заң ғылымдарының магистрі Мария Раева білім алушының жобалау құзыреттілігін қалыптастыруда мұғалімдердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының тапшылығын атай отырып, осы бағытта алдымен мұғалімнің бойында жобалау құзыреттілігін қалыптастыру жолдарымен таныстырды.
Сонымен қатар, іс-тәжірибесімен бөлісу арқылы, педагогтерн ғылыми жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін көрсетті. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Семинар жұмысына белсенділікпен қатысқан барлық қатысушыларға, спикерге алғыс білдіреміз.

- 05 Янв
- 2024