Қыркүйектің 26-сы «Өрлеу»-Павлодар филиалының директоры Роза Дүйсенқызы Ашимбетова Павлодар ауданы Мичурин ауылының орта мектебінде «Мұғалімнің инновациялық қызметі – сапалы білім кепілі» атты тәжірибеге бағытталған семинарға қатысты. Семинар «Өрлеу» Павлодар филиалының, «Жас дарын» «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия», «39 ЖОМ» мамандандырылған мектептер оқытушылары жұмысының қорытындысы ретінде жүзеге асырылды.


Өйткені аталмыш мекемелер мен Мичурин мектебі қала мен ауыл білім беру мекемелерінің ынтымақтастығы аясында бір-бірімен тәжірибе алмасуда.

Семинардың негізі мақсаты жас мамандарымен білім беру мен оқытудың тиімділігін арттыру тәжірибесімен бөлісу.
Іс-шараның басты назарында ауданның жас ұстаздары болды. Биыл барлығы 13 жаңа маман Шақат, Мичурин, Кемеңгер, Заря, Черноярка ауыл мектептерінде өз еңбек жолын бастаған. Оларға арнап «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында шет тілі (ағылшын) сабақтарында интерактивті әдістерді пайдалану» атты мастер-класс, қазақ, орыс тілдері мен дене шынықтырудан ашық сабақтар ұйымдастырылды. Олар өз кезегінде өз пәндері бойынша презентация жасады.
Айта кетерлігі, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Мичурин ЖОМ Павлодар облысының ауыл мектептерінің үздігі деген атаққа ие болып, 50 млн теңгенің иегері атанды.