Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және біліктілікті үздіксіз жетілдіру

2021 жылы 5 тамызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ –ның « Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және біліктілікті үздіксіз жетілдіру» тақырыбында секциялық отырысыы өтті. Сессия жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, басшылары, «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалдарының  директорлары, ПШО «НЗМ»  ДББҰ басшылары және шақырылған қонақтар қатысты. Кездесу модераторы: Дүйшөн Шаматов,  Жоғары білім беру мектебінің профессоры.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрайымы Мухаметжанова Асель Зейнуловна құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде осындай конференциялар өткізудің басты мақсаттарының бірі – Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу үшін коммуникативті алаң құру екенін  айтты.

• «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және біліктілікті үздіксіз жетілдіру» конференциясы Қазақстан Республикасындағы білім берудің қазіргі даму тенденциясын түсіну міндетін қойды;

• педагогтердің кәсіби дамуы: жүйелер, ұйымдар мен мұғалімдер;

• мұғалімнің кәсіби біліктілігін үздіксіз жоғарылату бойынша Қазақстан туралы ЮНЕСКО есебінің қорытындыларын талқылау;

• мектепке дейінгі тәрбие: кәсіби  даму және жетістіктер;

• инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы мектептің білім беру ортасын жақсарту.

• үздіксіз  білім беру жағдайында педагогикалық колледжде оқытушының кәсіби құзыреттілігін арттыру;

• университет оқытушысының кәсіби дамуының мүмкіндіктері мен траекториясы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО »АҚ филиалының спикері ретінде  Өскемен қ. №10 гимназиясы ҚМК- ның директорының оқу -тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лидия Фоминых сөз сөйледі. Лидия Александровна «Біліктілікті жоғарылату менеджменті: тәлімгерлік және жетекшілік» баяндамасында жас мамандармен тәлімгерлік мәселесін және оны өмір бойы білім беру шеңберінде шешу жолдарын ашты.

Секция отырысның соңында үздіксіз білім беру жүйесінде  тәжірибелі мұғалімдер   қауымдастығын кеңейту, мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндіктер жасау және т.б. бойынша ұсыныстар берілді.

Конференцияның барлық қатысушыларына кәсіби қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар