Мұғалімдер тәжірибесін тарату, ата-аналармен және оқушылармен кері байланысты ұйымдастыру, әріптестермен кәсіби қарым-қатынас жасау үшін өз тәжірибесінде әлеуметтік желілерді пайдалана бастады.
Көкшетау қаласындағы «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі Мәдина Жанайымның тәжірибесімен танысуды ұсынамыз. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жеке ресурсын әзірледі және оны Telegram аккаунты арқылы пайдалану әдістерімен белсенді түрде бөліседі.