Ү.ж 6 ақпан күні «Өрлеу»-Жамбыл қызметкерлері, аға оқытушысы Аманкуль Есмырзаева мен кітапханашы Инна Грицининаның ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №9 орта мектептің жоғары сынып білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында бітіруші сынып оқушыларына педагогикалық мамандықтардың алуан түрлілігі туралы ақпарат берілді.
Мұғалім мамандығының әр қыры туралы сауалнамалар мен бейнероликтер дайындалды. «Квест ойыны» ұйымдастырылып, ойын барысында оқушылардың қызығушылықтары, сұраныстары, хоббилері мен болашақ жоспарлары талқыланды, мектеп бітіруші түлектер «Мұғалім мамандығы туралы жарқын әсерлері» тақырыбында постерлер қорғады.
