Мұғалім үшін жаңа стандарт

Ақмола облысы бойынша «Өрлеуде» Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру семинарында педагогтің кәсіби дамуын реттейтін құжат – «Педагог» кәсіби стандартының алғашқы талқылауы өтті. 

Семинарға мектепке дейінгі мекемеден бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейдегі тәрбиешілер, мектеп басшылары, «Өрлеу» педагогтері, БАҚ өкілдері қатысты.

Стандарттың негізгі ережелері түсіндірілгеннен кейін пікір алмасу өтті. Педагогтер құжаттың бүгінгі күн болмысындағы  маңыздылығын атап өтіп, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын айтты. Ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін өңдеуде атқарылатын жұмыстар көп, жаңа стандарт мұғалімнің кәсіби өміріндегі басты бағдар болады деп сенеміз

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар