Мәдениет және өнер факультетінің студенттеріне арналған семинар өтті

«Заманауи сабақ тиімді және сапалы білім берудің негізі ретінде»  тақырыбында семинар 30 қаңтар күні М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогикалық білім беру бағдарламаларының Мәдениет және өнер факультетінің 4-ші курс студенттеріне ұйымдастырылды. Аталмыш тақырыптағы семинар Жол картасы аясында  М.Өтемісов атындағы БҚУ-мен бірлесіп өтуде.

     Семинардың мақсаты: студенттерге мектептегі тәжірибе кезінде оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен жоспарлауда көмек көрсету.

Семинар жұмысына Оралдағы  «Өрлеу» Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Сайра Сексенбаева жетекшілік етті.  

     Семинар барысында болашақ мамандарға «Оқу пәндері бойынша SMART мақсаты мен сабақты жоспарлау кезеңдері», «Заманауи сабақтың белсенді әдіс-тәсілдері», «Саралап оқытудың өзектілігі мен мүмкіндіктері», «Критериалды бағалау ерекшеліктері, кері байланыс» тақырыптарында бағыт-бағдар берілді.

    Сондай-ақ іс-шарада  Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясының музыка пәні мұғалімі К. Молдагалиева мен М. Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-тің көркем еңбек пәні мұғалімі Ж. Толегенова қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

   Бұл семинар болашақ мамандарға педагогикалық тәжірибеден  сәтті өтуіне септігін тигізері сөзсіз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар