ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ арасындағы ынтымақтастық/ өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 12.05.2023 жылы Назарбаев Университеті кітапханасында кәсіби тәжірибе алмасуда болдым. Іс-сапар барысында НУ кітапханасы туралы жалпы ақпаратпен, пайдаланушыларға қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық, электрондық ресурстарды басқару, ассистивті технологиялар, сатып алу және кітапхананы жабдықтау, қорды есептеу және каталогтау, цифрлау және ІТ қолдану кеңселерінің жұмыстарымен таныстым.Баспа және электронды ресурстарды қалыптастыру принциптері, заманауи технологиялар, пайдаланушыларға интерактивті қызмет көрсету құралдары, ассистивті технологиялар, студенттер арасында МАС жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстар бойынша тәжірибемді шыңдадым.НУ кітапханасының озық тәжірибесімен танысуыма, кәсіби шыңдалуыма қолдау көрсеткен «Өрлеу» БАҰО» АҚ басшыларына және жоғары деңгейдегі заманауи іс-тәжірибелерімен бөліскен НУ кітапханасының ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.

- 18 Май
- 2023