Құрметті әріптестер, достар!«Ақтөбе-Өрлеу» Сіздерді табиғаттың жаңаруы мен жаңғыруының жаршысы болған көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз мейрамы – Қазақстан халқының сүйікті мерекелерінің бірі. Мереке әлемнің көптеген елдерінде кеңінен аталып өтіледі, себебі, халықтар үшін қасиетті мәні бар, үйлесімділікті, жаңару мен жаңғыруды бейнелейді.
Наурыз мейрамы бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге сенім ұялатады.Осынау мерейлі жыл басы Сіздерге зор денсаулық, жаңа мүмкіндіктер, идеялар мен жақсы көңіл күй сыйласын! Наурыз Сіздерге жаңа жетістіктер, жарқын кездесулер және жағымды эмоциялар әкелсін!