«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты «Мақсатты мектеп» жобасына енген өңірдегі 60 мектептің педагогтері үшін 11 пәннен 40 сағатқа негізделген офлайн форматта «Негізгі деңгей» біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 10-14 ақпан аралығында Тараз қаласында 21 және Қордай ауданында 12 топтарда пән мұғалімдері білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты, тапсырмалар орындап, өз білімдерін нақтылады.
Нәтижесінде 716 тыңдаушы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды. Сертификат беру ресіміне институт директоры Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы қатысып, тыңдаушылармен кездесті. Тыңдаушылармен курстан алған теориялық білімдері мен функционалықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрастыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану, білім алушыны сабаққа қызықтыру, білім сапасын арттыру бағытында пікірлесті. Пән мұғалімдері де өз тараптарынан курстың ұйымдастырылуы, өтілу сапасы, мазмұны бойынша оң пікірлерін, жылы лебіз бен шынайы алғыстарын жеткізді.