«Негізгі деңгей» біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты «Мақсатты мектеп» жобасына енген өңірдегі 60 мектептің педагогтері үшін 11 пәннен 40 сағатқа негізделген офлайн форматта «Негізгі деңгей» біліктілікті арттыру курсының үшінші аптасын аяқтады. Ағымдағы жылдың 17-21 ақпан аралығында Тараз қаласында 3 және Қордай ауданында 1 топ пән мұғалімдері білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырды.
Нәтижесінде 95 тыңдаушы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды. Сертификат беру ресіміне институт директоры Ләтипа Сейдахметқызы қатысып, тыңдаушылармен кездесті. Тыңдаушылармен курстан алған теориялық білімдері мен функционалықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрастыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану, білім алушыны сабаққа қызықтыру, білім сапасын арттыру бағытында пікірлесті. Тыңдаушылар курстың ұйымдастырылуы, өтілу сапасы, мазмұны бойынша оң пікірлері мен шынайы алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар