“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты “Мақсатты мектеп” жобасына енген өңірдегі 60 мектептің педагогтері үшін 11 пәннен 40 сағатқа негізделген офлайн форматта “Негізгі деңгей” біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курстарды ағымдағы жылдың 03 ақпан-07 наурызында өткізу жоспарланған.
Курстың алғашқы аптасы да сәтті аяқталды.
А.ж. 3-7 ақпан аралығында 6 аудан мен Тараз қаласынан қатысуға тиіс 874 педагог курс нәтижесінде функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар орындап, біліктілігін шыңдады. Нәтижесінде 854 педагогке курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Бүгін институт директоры Ләтипа Сейдахметқызы тыңдаушылармен кездесіп, курсты сәтті аяқтағандарымен құттықтап, сертификат тапсырды. Тыңдаушылар курстан алған теориялық білімдері мен функционалдық сауаттылықты үйретуге бағытталған тәжірибе алмасулары туралы оң пікірлерін, жылы лебіз бен шынайы алғыстарын жеткізді.