ЖАҢАЛЫҚТАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ

🔹«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы және Атырау облыстық студенттер Альянсының ұйымдастырумен 2023 жылдың 5 маусым күні Абай орталығы базасында «Педагогтің үздіксіз дамуы-шеберлік кепілі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді. 📌Семинар мақсаты:– Болашақ педагог мамандарының кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру– Білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас ұстаздардың пікір алмасуын ұйымдастыру […]

Толығырақ

Ашық сабақ

Белсенді оқу ортасын құру үшін курс тыңдаушыларына «Сіз әдеби құралдардың қандай түрлерін білесіз?», «Егер мен оқушы болсам, мұның бәрін қалай қабылдайтын едім?» деген жетекші сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланды[…]

Толығырақ

Математика пәні мұғалімдеріне арналған курс аяқталды

Астана қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы аяқталды.Курс тыңдаушылары 10-11 сыныптарда оқытылатын тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістері, GeoGebra қосымшасының көмегімен салуға арналған геометриялық есептерді шешу жолдарын айқындап, тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер курсқа белсенді қатысып, сапалы білім алды.

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзия жағдайындағы үздік педагогикалық тәжірибелер

2023 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты педагогтер, ата-аналар және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басшылары үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында  облыстық семинар өткізді. Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған […]

Толығырақ

«ORDA» колледжінің студенттерімен тағылымды кездесу өтті

2 маусымда «ORDA» колледжінде «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусіновпен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында тағылымды кездесу болды. Білім ордасының 1-курс студенттері қатысқан кездесу кешінде ғалым-ұстаз еліміздің білім саласында жасалып жатқан реформаларға тоқталып, ел болашағы – жастардың ақылы мен ой-парасатының жетілуі, оқудың қажеттілігі, білім алудың маңызы, уақытты тиімді пайдалану жайында келелі ойларымен […]

Толығырақ

«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда

«Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)» тақырыбындағы курстың тренері – Ғалымжанова Ф.Б.Курс барысында тыңдаушылар «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша нормативтік-құқықтық […]

Толығырақ

Химия мұғалімдері үшін вебинар ұйымдастырылды

Мамырдың 26-сы Өрлеу-Павлодар аға оқытушысы Жанар Слямова «Химия мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды. Іс-шара курстан кейінгі қолдау аясында өтті. Оған 2022 жылы біліктілігін арттырған химия пәнінің 30-ға жуық мұғалімі қатысып, курс барысында алған білімін іс-жүзінде өз жұмысында қалайша қолданғанын, жаңа әдістемелері мен сабақ өткізудің ерекше әдістерімен бөлісті. Мысалы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің […]

Толығырақ

Мемлекеттік тілді меңгерту:  балабақшадағы сәтті жоба

Кәсіби даму институтында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылардың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан іс-тәжірибені насихаттау, тарату  мақсатында ү.ж. 30 мамырында Тараз қаласының №22 бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметіндегі қазақ тілі»тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар аясында Эстония тәжірибесіне негізделген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді технологиясы ретінде «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша іс-шаралар […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өтті

Өрлеу – Астана 29 мамырда №93 мектеп-лицей базасында біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өткізді.Жиын барысында директордың м.а. Есжанова Г.М. байқау өткізудің ережесімен, бейнематериалды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарымен және конкурстың міндеттерін түсіндіріп, конкурсқа қатысу бағыттарымен таныстырды. Педагогтер бейне-сабақ сюжетінің құрылымы мен монтаждау ерекшеліктері, […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар