Білім күні – бұл алғашқы қоңырау, құшақ-құшақ гүл, ақ бантик, жылы шырай…Құрметті әріптестер, ата-аналар, ата-әжелер, оқушылар! Біздің шынайы және ең жылы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар ! Көңіл-күй бүгінгідей көтеріңкі және жарқын болсын! Баршаңызға Білім күні құтты болсын!
ТолығырақБүгін кезекті пәндік құзыреттілікті дамытуға бағытталған және шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары аяқталды.Курс барысында теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білімдерін толықтырды. Педагогтер курс мазмұнынан өз тәжірибесіне құнды ақпараттармен қоржындарын толықтырып, ризашылықтарын білдіріп қоштасты. Тың идеяларды игерген тыңдаушыларымызға шығармашылық табыстар тілейміз!
ТолығырақҚұрметті әріптестер, білім күні құтты болсын! Оқу жылының басталуы – мектеп оқушылары мен студенттер үшін ғана емес, ұстаздар мен оқытушылар үшін де қуанышты сәт.Тың идеяларыңызды жүзеге асырып, жоспарланған нәтижелерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Алтын күздің арайымен басталатын бұл күн оқу жылын қуанышты оқиғаларға толтырып, серпін беріп, жаңа батыл жобалардың бастамасы болсын!
ТолығырақШ.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен бірлескен жұмыс жоспарына сай әріптестік ынтымақтастық аясында тығыз шығармашылық байланыс қалыптасып, белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы институт базасында бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушылары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті. Білім беру бағдарламасы педагогтердің әскери-техникалық білім және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қорытынды бағалаудан сәтті өткен курс тыңдаушыларына институт […]
ТолығырақӨрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2023 жылдың 14 және 25 тамыз аралығында «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Курс жетекшісі, тренер, Валиева Майраның тобында дәріс алған Мусаев Өркеннің пікірімен бөлісеміз: «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында өткен курста кәсіби біліктілігімізді шыңдауға мүмкіндік алдық. Тәлімгер – […]
ТолығырақБиылғы жылы тамыз кеңесі жаңа форматта, еліміздің 20 аймағында бір уақытта басталды. Әр облыс белгілі тақырыпты талқылады. Тамыздың 24-25 күндері Республикалық “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарының білім беру басқамаларымен бірлесіп Петропавл және Орал қалаларында Республикалық тамыз кеңесін ұйымдастырды. Еліміздің әр түпкірінен жиналған мықты педагогтер шеберлік сағаттар, тренингтер мен пікірталас барысында […]
ТолығырақБүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шараға Институттың қызметкерлері, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтар мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылының №45 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Мерекелік шараны алғы сөзбен Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Нұрлыбаев Қайсар ашып, қатысушыларды мерекемен […]
Толығырақ2023 жылдың 14 және 25 тамызы аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Курстың тренері Ишангалиева Айгүл тыңдаушыларды оқытудағы жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді үйретіп, күрделі тақырыптар бойынша […]
ТолығырақБүгін Мәртөк, Темір, Ырғыз, Қобда аудандарының шағын жинақты мектеп ұстаздары біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіруді бастады.Оқыту шеңберінде педагогтар цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен тәсілдерін меңгеріп, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білімдерін толықтырады. Педагогтер курс мазмұнынан өз тәжірибесіне құнды ақпараттармен қоржындарын толықтырады деп кәміл сенім білдіреміз.Ұстаздарға тың идеяларды игерде шығармашылық табыстар тілейміз!
ТолығырақҚұрметті әріптестер! 2023 жылдың 10 қазанына дейін “Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023” республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. Бұл әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша бейне нысанында өзінің авторлық әзірлемесін ұсынуға мүмкіндік береді. Конкурстың барлық марапаттау құжаттары (1, 2, 3 дәрежелі дипломдар және қатысу сертификаттары) Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту […]
Толығырақ
