ЖАҢАЛЫҚТАР

«Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдары» атты облыстық семинары

2023 жылғы 13 сәуірде «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» педагогтерінің сабақ зерттеу арқылы, сабақты зерттеудің тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында  «Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдары» атты облыстық семинары өтті. Семинар жұмысына «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері, ШҚО білім басқармасының […]

Толығырақ

Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды

«Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы аға тәлімгерлеріне арналған курс аясында «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу бағытында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде өткізілген шарада «Жас ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Гүлжібек Қапанова «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу мәселелері тақырыбында шеберлік […]

Толығырақ

Инновациялық технологиялар – білім сапасын арттыру құралы

12 сәуірде ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинары өтті. Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде өткізілген семинар ғылым күнімен тұспа-тұс келді. Семинарға облыстың барлық аудандарынан және қалаларынан математика-жаратылыстану бағыты бойынша сабақ беретін педагогтер қатысты. Семинар жұмысына келген ұстаздар Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі педагогтерінің дайындаған әдістемелік өнімдерінің […]

Толығырақ

Жаңа Қазақстандағы заманауи кітапхана

2023 жылдың 12 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институты мен Оралхан Бокей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арасындағы ынтымақтастық әрекет ету қызметтері аясында «Жаңа Қазақстандағы – заманауи кітапхана» тақырыбында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының мектеп кітапханашыларына арналған семинар–практикумы ұйымдастырылды. Бұл шарада аудандардан келген кітапханашылар Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада бас қосты. […]

Толығырақ

Педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау

2023 жылдың 7 сәуірінде №188 мектеп-гимназиясында Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, тренер Абайдуллаева Айгуль курстан кейін қолдау мақсатында педагог-басшыларымен кездесті. Мектептің педагог-басшылары Институт базасында өткен біліктілікті арттыру курстарында мол тәжірибе алмасып, қажетті ақпарат алғандарын, оны сабақтарында тиімді қолданып жатқандары туралы пікірлерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ

Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының этикасы және коммуникациялық имиджі

Бүгін білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары үшін “Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының этикасы және коммуникациялық имиджі”семинары өткізілді. Ұйымдар мен Қоғамның корпоративтік мәдениетінде болып жатқан соңғы оқиғаларды, атап айтқанда дағдарыстық коммуникациялардың өсуін, ұйым мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы қақтығыстарды, сервистік коммуникация мен көзқарасқа наразылықты ескере отырып, білім беру қызметкерлерін арнайы даярлау қажеттілігі туындайды. Білім […]

Толығырақ

Сабақты ынтымақтастық арқылы тиімді жоспарлау

13 сәуірде KAZGUU School базасында “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы”АҚ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы КАЗГЮУ мектеп-гимназиясының шығармашылық педагогтарымен бірлесіп “Сабақты ынтымақтастық арқылы тиімді жоспарлау (Action Research|/lesson study педагогтерінің зерттеу қызметі негізінде)”тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. KAZGUU School мұғалімдері қала және облыс мұғалімдерімен постер-сессия форматында зерттеу тәжірибесін енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Негізгі мақсаты: […]

Толығырақ

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру – білім беру сапасына оң әсер ететін факторлардың бірі

Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Курс тренерлері Кулайм Рахатова, Сарагүл Шаштыгарина – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамытып, ойын формалары мен әдістерін ұсынды. Қатысушылар курс барысында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар курстық кезеңге белсенді араласып, […]

Толығырақ

Жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамыту:нәтижелі оқыту

2023 жылдың 13 сәуір күні «Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамыту:нәтижелі оқыту» тақырыбында облыстық кейс-сессия өтті. Іс-шарада кафедра меңгерушілері Айгүл Каплиева мен Елизавета Давлеткалиева кіріспе бөліміне тоқталды. Кейс-сессия мақсаты-нәтижеге жетуде жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамытуға қолдау көрсету. Іс-шараға Байғанин ауданы мен қала мектептерінен келген мұғалімдер Е.Саматов, Г.Хамзина, А.Король, Е.Макарова, А.Исенгалиева, З.Тилешевалар тәжірибелерімен […]

Толығырақ

«Өрлеу» Қызылордада пәндік курстар жалғасуда

Сәуірдің екінші онкүндігінен бастап «Өрлеу» Қызылордада пәндік курстардың екінші легі басталды. Өрлеудің курстары негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын меңгеруге, курстан кейінгі қолдау алуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысының барлық ауданында 255 педагог біліктілігін арттыруда. Пән мұғалімдеріне, аға тәлімгерлерге арналған курс тыңдаушыларының […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар