ЖАҢАЛЫҚТАР

21 қараша 2025 жылы Өрлеу СҚО Ұлы ойшыл және философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырлған «Абайдың «Толық адам» ілімі: білім беруде сананы жаңғырту» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алаңында өткізілді.

Конференцияның мақсаты — Абайдың «Толық адам» ілімінің мазмұнын заманауи білім беру кеңістігі тұрғысынан пайымдау, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген оқытудың теориялық және практикалық аспектілерін талдау арқылы педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыру. Ауқымды шара барысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан ғалымдарды, оқытушыларды және педагог-практиктерді біріктірді: жалпы 150-ден астам қатысушы конференцияға қосылды оның ішінде 50-ге жуық педагог офлайн, 100-ден […]

Толығырақ

Қырғызстан Республикасының делегациясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның тәжірибесімен танысты

Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға келіп, еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдермен, инновациялармен және озық тәжірибемен танысты. Делегация өкілдерін ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қарсы алып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектептердің жұмысын таныстырды. Олар Алматы қаласындағы №214 «Келешек мектебінде» болды. Кездесу барысында Майра Мелдебекова Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың негізгі […]

Толығырақ

«Өрлеу келбеті» айдары

«Өрлеу» БАҰО 26 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тренер Айдарбек Бәкіржан – Түркістан облысындағы көркем еңбек пәнінің аға оқытушысы. Педагогика саласындағы еңбек өтілі 38 жыл, педагогика ғылымдарының кандидаты. Айдарбек Бәкіржан қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғырту бағытында табиғи материалдармен жұмыс істеуді оқушыларға үйретудің бірегей әдістемесін әзірлеген. Ұлттық тәрбие мен қолданбалы өнерді білім беру процесіне кіріктіру бағытындағы […]

Толығырақ

«Өрлеу» мен British Council ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

«Өрлеу» БАҰО-да Британдық Кеңестің Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Майкл Холгейт және British Council Kazakhstan директоры Роберт Тэйлормен кездесуі өтті. Бұл – Майкл Холгейттің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары.Кездесу барысында қонаққа орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалары таныстырылды. Тараптар қазіргі бірлескен жобаларды талқылап, жаңа ықпалдастық перспективаларын қарастырды. Олардың қатарында ағылшын тілі мұғалімдерін […]

Толығырақ

6 мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын күшейтуге бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырған бағдарлама бойынша биыл жоспарланған курстар толық аяқталды. Келесі жылы тағы шамамен 4 мыңға жуық педагог оқытудан өтеді. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы […]

Толығырақ

Қаржылай сауаттылық курсы өз мәресіне жетті!

Ұлттық Банк, Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бірлесіп іске қосқан қаржылай сауаттылықты арттыру жобасының биылғы кезеңі сәтті аяқталды.Жоба аясында республика бойынша 10 мыңға жуық мұғалім қамтылып, педагогтердің экономика негіздері, қаржылық сауаттылық және жеке деректердің қауіпсіздігі бойынша дағдылары күшейтілді.Биыл:• заманауи оқыту әдістемелерін меңгерген Ұлттық Банктің 100 қызметкері, соның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 […]

Толығырақ

«Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өтті

2025 жылдың 28 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты және Алматы облысы, Іле ауданындағы «Montessori Academy» жекеменшік мектебі бірлесе отырып, «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект (AI) технологияларын тиімді қолдану мүмкіндіктерін көрсету, педагогтердің […]

Толығырақ

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы сәтті аяқталды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен бағдарламасы аясында биыл жоспарланған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы сәтті аяқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтер мен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын нығайтуға бағытталған кешенді жобаға облыс бойынша 286 педагог қатысып, біліктілігін арттырды. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген. Курс барысында […]

Толығырақ

СЕКЦИЯ ОТЫРЫСТАРЫ: тәжірибе, амбициялар және өңірлік шешімдер

«ҚАЗІРГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ МАНСАПТЫҚ БІЛІМ: ӨҢІРЛІК СЫН-ҚАТЕРЛЕРДЕН ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның түстен кейінгі бағдарламасы мазмұнды секциялық отырыстармен жалғасты. Әр секцияда спикерлер мен модераторлар мектептегі мансаптық білім беруді дамыту, кәсіби бағдарлаудың тиімді тәсілдері, оқу орны мен жұмыс беруші арасындағы серіктестікті күшейту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. Алғашқы секция «Мектеп оқушыларына арналған тағылымдамалар мен жұмыс […]

Толығырақ

«ҚАЗІРГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ МАНСАПТЫҚ БІЛІМ: ӨҢІРЛІК СЫН-ҚАТЕРЛЕРДЕН ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІН»: Атырауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Атырауда «The Ulytau Educational Foundation» Қоғамдық қоры және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының бірлесіп ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара мансаптық білім беру жүйесіндегі өзгерістерді, өңірлік сын-қатерлерді және оларды еңсерудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді. Өткен халықаралық конференция педагогтар, сарапшылар, жұмыс берушілер және білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар