ЖАҢАЛЫҚТАР

“Қазақ халқының көне салт-дістүрлері” танымдық сағаты

19-наурыз күні Өрлеу-Павлодар филиалында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» (оқытушысы Л.Подобинская) және «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» (оқытушысы Д. Тоганбекова) білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырып жүрген облысымыздың педагогтері Наурыз мерекесіне арнап «Қазақ халқының көне салт-дәстүрлері» таным сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар іс-шараға институт ұжымын шақырып, барша жиналған қауымды халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетіп, […]

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды

Ағымдағы жылдың 11наурызы мен 20 наурызы аралығында мектепалды даярлық тобының педагогтеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері»,«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыптары бойынша облыс көлемінен келген тыңдаушыларымыз білімдері мен біліктіліктерін арттырды. Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби […]

Толығырақ

Ынтымақтастық аясындағы меморандум

Наурыз айының 19-ы күні, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» арасындағы толықтырулар енгізіліп, жаңғыртыла жасақталған білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум мазмұнында төмендегідей бірлікте жасалатын жұмыстар қамтылды: – өзара пайдалы болып табылатын бағдарламалар бойынша екі Тарап келісімімен […]

Толығырақ

Цифрлық келешек және ұлттық құндылықтар

Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық сауаттылықты дамыту ақпараттық технологиялар дәуірінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, Қазақстанда цифрлық сауаттылық мәселесі өзекті және ерекше назар аударуды талап етеді. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Цифрлық келешек және ұлттық құндылықтар» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. […]

Толығырақ

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының базасында Өрлеу – СҚО филиалының директоры Л.Альмагамбетова және «Қоғамдық Келісім» КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ жетекшінің м.а. Б.Базарбаев атынан өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.Меморандумның негізгі бағыттары:• Бірлескен ғылыми, әлеуметтік-мәдени, этномәдени іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, лекциялар, жобаларды ұйымдастыру;• Бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған дөңгелек үстелдер, […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту жолдары

Бүгін Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы А.Жұмабаева «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту жолдары» тақырыбында Маңғыстау облысының мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне онлайн вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты- мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту жолдарын қалыптастыру. Вебинарға облыс бойынша 150 қатысушы қатысты. Вебинар соңында балалардың ойын әрекеттерін дамыту мақсатында педагогтер бір-бірінен алған тәжірибелерін зерделей отырып тиімділігі […]

Толығырақ

Бүгін, 18 наурызда «Өрлеу-Қостанай» филиалында Ұлттық киім күнін мерекелеу аясында қазақ поэзиясы мен ұлттық салт-дәстүрге арналған іс-шаралар өтті.

Бүгін, 18 наурызда «Өрлеу-Қостанай» филиалында Ұлттық киім күнін мерекелеу аясында қазақ поэзиясы мен ұлттық салт-дәстүрге арналған іс-шаралар өтті.Филиалдың әр бөлімдері қазақ ақындарының өлеңдерін дайындап, барша қатысушылардың алдында зор шабытпен оқыды. Бұл қазақ поэзиясының әлеміне, оның терең толғаныстары мен философиялық толғауларына рухани сіңу еді. Шараның шарықтау шегі «Шашу», «Тұсау кесер» – баланың кісенін кесу, құдалық, «Атбайлар», […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру

Бүгін “Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру” тақырыбындағы курс тыңдаушылары Ақтау қаласындағы №24 бөбекжай базасында тәжірибе алмасты. Көшпелі тәжірибелік сабақтың мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен қарым-қатынасты ұйымдастыру және оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында тиімді кері байланысты қамтамасыз ету дағдыларын жетілдіру. Заман талабына сай жаңа бағытта сабақ беру, өзара ой […]

Толығырақ

Қазіргі балалардың популяциялық жағдайы. Балалардың даму ерекшеліктері

Ү.ж. 15 наурыз күні Меркі ауданының «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін «Өрлеу»-Жамбыл қызметкерлері, аға оқытушылар Айгул Абилова мен Мадина Садибекова «Қазіргі балалардың популяциялық жағдайы, балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар аясында Айгул Абилова  білім беру қажеттіліктері бар балалардың санаттарына тоқталып, балалардың дамуындағы ауытқулардың дизонтогенезіне талдау жасады және осы бұзылулардың себептерін анықтады. […]

Толығырақ

Білім алушылардың сабақ мақсаттарына қол жеткізуін мониторингілеу

Өрлеу-Павлодар қызметкерлері Павлодар ауданының Черноярск мектебінің мұғалімдері үшін кезекті оқыту семинарын өткізді.5 пәндік секцияның жемісті жұмысы барысында мектеп мұғалімдері білім алушылардың сабақ мақсаттарына қол жеткізуін мониторингтеу үшін формативті бағалауды практикалық қолдану бойынша өздерінің кәсіби құзыреттерін жетілдірді. Сондай-ақ, семинар барысында 2024 жылы педагогтерді аттестаттау мәселелері қозғалды.

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар