ЖАҢАЛЫҚТАР

Математика сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Педагогтердің математикалық сауаттылық бағыты бойынша білімдерін арттыру жолдарын қамтамасыз ету, математикадан сауаттылық есептерін шығару, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану және тәжірибе алмасу мақсатында облыс педагогтерінің қатысумен шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды. Филиал аға оқытушысы Сауле Сулейменованың жетекшілігімен «Математика сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында өткізілген іс-шарада математика пәнінің мұғалімдері Умирбаева М.У., Марқабаев Т.С.,Утегенова Ж.М., Жалауова Д.Д. функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған […]

Толығырақ

Негізгі және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын үйрету үшін ХХІ ғасыр технологияларын қолдану

Бүгін Жаңаөзен қаласы №24 жалпы білім беру мектебі «Негізгі және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын үйрету үшін ХХІ ғасыр технологияларын қолдану» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Вебинарда педагогтер сыныптан тыс жұмыстар,ашық сабақтар,ғылыми жобалар мен тәлімгерлік бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістер мен технологиялар арқылы оқыту жолдарын көрсетті. Вебинарда Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы Рысгүл Нұрова “Қазіргі Қазақстан мектебінің […]

Толығырақ

Қалалық семинар «Цифрлық сауаттылықты дамыту: цифрлы қоғам, цифрлы оқыту, цифрлы педагог»

Ағымдағы жылдың 24-қаңтар күні Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты бірлесіп «Цифрлық сауаттылықты дамыту: цифрлы қоғам, цифрлы оқыту, цифрлы педагог» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинарға қалалық әдістемелік орталықтың әдіскерлері мен РКДИ оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТ университетінің магистранттар қатысты. Өрлеу […]

Толығырақ

Облыс кітапханашылары ақпараттық технологияларды жұмыс барысында ұтымды қолдану жолдарын талқылады

Ақпараттық қоғамдағы сандық технологиялар кітапхана саласын дамытудың бірден – бір жолы болып отыр. Ақпараттық технологиядағы жетістік кітапхана жұмысының ұтымды, сапалы қызмет көрсетуін талап етеді. Осы орайда бүгін «Ақтөбе-Өрлеу» кітапханасында облыс кітапханашыларына арналған «Кітапхана жұмысында әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-код технологиясын тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты: Заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудің мәні мен […]

Толығырақ

Тәрбие жұмысы заманауи үздіксіз білім беру моделі ретінде

2024 жылғы 24 Қаңтарда № 20 мектеп-лицей базасында “Тәрбие жұмысы заманауи үздіксіз білім беру моделі ретінде” тақырыбында облыстық семинар – практикум ұйымдастырылды. Семинар-практикум мектептің ата-аналары мен педагогтарын біріктірді.Семинар хордың ерекше орындауымен есте қалды, балалар мектептің әнұранын үш тілде орындады.Семинар “Болашақ тұлғаның басқатырғышы” атты тренинг-рефлексиясымен аяқталды. Мектеп мұғалімдері жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана отырып, ата-аналарды […]

Толығырақ

«Нақты өзгеріс: оқу сапасын жақсарту үшін Lesson Study және Action research зерттеулерін қалай пайдалануға болады?» тақырыбында екі күндік семинар басталды

    Бүгін  Оралдағы «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен БҚО Бәйтерек ауданы Жамбыл ЖОББМ «Нақты өзгеріс: оқу сапасын жақсарту үшін Lesson Study және Action research зерттеулерін қалай пайдалануға болады?» тақырыбында екі күндік семинар басталды.      «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» Кәсіби білім беру кафедрасының меңгерушісі Сәнім Әбитованың жетекшілігімен өткен семинарға Бәйтерек ауданы, Жамбыл ЖОББМ-тің мұғалімдері қатысты.    Семинар […]

Толығырақ

Мектепте пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Педагогтердің кәсіби дамуын басқару» тақырыбы аясында семинардың екінші бөлімі бойынша мектепте пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру мақсатында Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ педагогтерінің тәжірибелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.”Өрлеу – Ақтөбе” филиалының аға оқытушысы Л.Ермекбаева биология пәні мұғалімі А. Бекенованың «Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. […]

Толығырақ

Оқытудағы олқылықты жою – оқу сапасын арттыру

Бүгін Білім берудің оқу әдістемелік орталығы “Оқытудағы олқылықты жою- оқу сапасын арттыру” тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты мұғалім жұмысындағы маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу, оқу үлгеріміндегі кемшіліктер мен әлсіз тұстарын жоюдың түрлі әдістерін қолданып жүрген педагогтермен іс-тәжірибе алмасу. Вебинарда Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқушысы Болатбек Тәжібаев “Оқушы біліміндегі олқылықтарды толтыру […]

Толығырақ

Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау іс-шаралары

Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында Алматы облысы Талғар ауданына қарасты МЖДШО бар №17 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаева коучинг ұйымдастырды. Коучинг барысында сабақты саралау, оның тәсілдері мен әдістері, оқыту модельдері, оқушыларды бағалау әдістері талқыланды. Педагогтермен өзара талдау, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйымдағы ойын түрлерін тиімді қолдану

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы «Нұрсәт» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы ойын түрлерін тиімді қолдану» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.Іс-шара – тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатында өткізілген әдістемелік шара мазмұны тәрбиешілердің […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар