ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жүзден жүйрік-2024» облыстық байқау

Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған «Жүзден жүйрік-2024» облыстық байқауы аяқталды.Педагогикалық шеберлік байқаулары мұғалімдердің кәсіби дамуына және өзін-өзі анықтауына ықпал ететін мотивациялық орта құру арқылы олардың кәсіби деңгейін арттыруға арналған. Бұл байқаулар арқылы мұғалімдер тіл үйрету саласындағы инновациялық тәжірибелерімен және озық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алады.Байқау […]

Толығырақ

Математика пәнін оқытудың тиімді әдістері

Бүгін Өрлеу -Маңғыстау филиалында курс тыңдаушыларын курстан кейін сүйемелдеу мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы вебинар өтті. Вебинар мақсаты – математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау. Математика пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен өткен шарада Маңғыстау ауданы Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Р.Серік, Бейнеу ауданы М. […]

Толығырақ

Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды

  Бүгін 26 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстар төмендегі бағыттар бойынша жүруде: * Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері * Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері * Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері * Тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері * Математика мұғалімдері * Бастауыш сынып мұғалімдері * Қазақ тілі мен әдебиеті […]

Толығырақ

Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Жылдың қасиетті айы – Рамазан айымен тұспа тұс келіп отырған Ұлысымыздың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.Олай болса, Наурыз мерекесі Сізге және сіздің жаұяңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз […]

Толығырақ

“Қазақ халқының көне салт-дістүрлері” танымдық сағаты

19-наурыз күні Өрлеу-Павлодар филиалында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» (оқытушысы Л.Подобинская) және «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» (оқытушысы Д. Тоганбекова) білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырып жүрген облысымыздың педагогтері Наурыз мерекесіне арнап «Қазақ халқының көне салт-дәстүрлері» таным сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар іс-шараға институт ұжымын шақырып, барша жиналған қауымды халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетіп, […]

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды

Ағымдағы жылдың 11наурызы мен 20 наурызы аралығында мектепалды даярлық тобының педагогтеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері»,«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыптары бойынша облыс көлемінен келген тыңдаушыларымыз білімдері мен біліктіліктерін арттырды. Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби […]

Толығырақ

Ынтымақтастық аясындағы меморандум

Наурыз айының 19-ы күні, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» арасындағы толықтырулар енгізіліп, жаңғыртыла жасақталған білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум мазмұнында төмендегідей бірлікте жасалатын жұмыстар қамтылды: – өзара пайдалы болып табылатын бағдарламалар бойынша екі Тарап келісімімен […]

Толығырақ

Цифрлық келешек және ұлттық құндылықтар

Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық сауаттылықты дамыту ақпараттық технологиялар дәуірінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, Қазақстанда цифрлық сауаттылық мәселесі өзекті және ерекше назар аударуды талап етеді. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Цифрлық келешек және ұлттық құндылықтар» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. […]

Толығырақ

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының базасында Өрлеу – СҚО филиалының директоры Л.Альмагамбетова және «Қоғамдық Келісім» КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ жетекшінің м.а. Б.Базарбаев атынан өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.Меморандумның негізгі бағыттары:• Бірлескен ғылыми, әлеуметтік-мәдени, этномәдени іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, лекциялар, жобаларды ұйымдастыру;• Бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған дөңгелек үстелдер, […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар