📢 Нысаналы мектептердің “Қазақ тілі” және “Әдебиеті” пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті!
Бүгін, Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушылар Айжан Есентаева, Салтанат Арзымбетова, Айгүл Абайдуллаева, Сандуғаш Комекова 22 нысаналы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді.
📚 Тақырыбы:
«Оқуды түсіну дағдыларын дамыту: PISA бағалауына сәйкес оқу тапсырмаларын құрастыру тәжірибесі»
🔑 Вебинарды п.ғ.д., Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сауле Талапеденовна Мұхамбетжанова ашты.
📖 Іс-шара аясында оқу сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалары, оқу сауаттылығының компоненттері, мәтін түрлері, PISA бағалауына сәйкес оқырмандық құзыреттіліктің алты деңгейлі тапсырмаларды құрудың әдістемесі және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тапсырмалар құрудың қадамдары туралы тәжірибелерді аға оқытушылар ұсынды.
🔍 №185 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Қали Ақыл Самарханұлы вебинарды өткізуде қолдау көрсетіп «Оқу сауаттылығы мәнінде деңгейлі тапсырмалардың түрлері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Онда ашық, жабық, қос типті сұрақтар бойынша тапсырманың құрылымдық белгілері мен сипаттамасы туралы ақпарат беріп, құрастырылған тапсырма үлгілерімен таныстырды.
🗣 Вебинарға барысында мұғалімдер өзара тәжірибелермен бөлісіп, болашақта білім сапасын арттыру бойынша тиімді әдістерді енгізу туралы ұсыныстар жасады. Іс-шара педагогтердің жаңа білімді игеріп, оны оқу процесінде қолдануға деген ынтасын арттырды. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби дамуына үлкен серпін берген маңызды шара болды! ✅ Осындай игі бастамалар болашақ ұрпақтың сапалы білім алуының негізін қалайды деген сенімдеміз.
👏 Қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!









