2025 жылдың 22 қаңтарында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде “Мақсатты мектеп” жобасы аясында әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Ғалым Іркітбай мен Ринад Көшербаев мектеп ұжымымен бірлесіп, оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Мектептің оқу-тәрбие жоспары мен даму жоспары жан-жақты талданып, тренерлер тарапынан әдістемелік қолдау көрсетілді. Жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мұғалімдердің сабақтарына қатысып, кәсіби кері байланыс берілді.
Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру және оқушылардың білім жетістігін жақсарту мақсатында педагогтармен семинарлар өткізіліп, заманауи оқыту әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.
“Мақсатты мектеп” жобасы аясындағы бұл жұмыс тәжірибе алмасуға және кәсіби шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік берді.



