Нәтижеге бағытталған тәжірибе!

2025 жылдың 13 маусымында Жамбыл-«Өрлеу» филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтер « Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың тиімді стратегиялары » тақырыбындағы курс аясында оқ дәрімен атылатын қару-жарақтар түрлерімен танысты.
Атыс дайындығы бойынша практикалық жаттығуларды орындау кезінде қолданылатын тиімді стратегиялар (пневматикалық қарудан ату, қол гранаталарын лақтыру); оқжатар жабдықтары, жатып, тізеден, тұрып ату үшін дайындау
📍 Сабақ өткен орын — «СУНУАР» практикалық ату федерациясы.
👨‍✈️ Сабақты запастағы подполковник, тәжірибелі нұсқаушы Сураншиев Қасымбек Мейірханович жүргізді.
🎯 Сабақтың мақсаты — педагогтердің қарумен қауіпсіз жұмыс істеу және тиімді оқ ату әдістерін меңгеру бойынша практикалық дағдыларын дамыту.
Қатысушылар:
✅ Қарудың түрлерімен және қауіпсіздік шараларымен танысты
✅ Пневматикалық қарудан ату техникасын меңгерді (жатып, тізерлеп, тік тұрып)
✅ Оқу-жаттығу гранаталарын лақтыруды орындады
✅ Магазинді снарядтау мен дұрыс атыс ұстанымын пысықтады
📌 Сабақ жоғары тәртіппен және қарқынды жағдайда өтті. Педагогтер тек теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар мектеп оқушыларымен өткізілетін ұқсас сабақтарды жүргізуге деген сенімділіктерін арттырды.
Бұл тәжірибелік сабақ педагогтердің қолданбалы дағдыларын дамытып, кәсіби құзыреттіліктерін нығайтуға ықпал етеді..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар