Нәтижелі диалог

2022 жылдың 29 маусымында Өрлеу ұлттық орталығының ШҚО бойынша қызметкерлерінің аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қаралды.

         Филиал директоры Г. Жуманова 222 “Мемлекеттік орта білім беру кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау” бюджеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, Ұлттық біліктілік тест бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектеп басшылары мен педагогтер үшін өткізілетін пәндік және кәсіби құзыреттілікті дамыту курстары туралы, сондай-ақ “Педагогтерді кәсіби мансап басында қолдау” атты тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізуге дайындық барысы туралы айтып берді.

     Филиал зертханасының меңгерушісі Л. Егорина білім беру ұйымдарына арналған “Педагогикалық идеялар панорамасы” атты республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының  22 номинациясы бойынша  аудандар  педагогтерінің  қатысу мониторингімен  таныстырды.

     Соңында қатысушылар оң кері байланыс беріп, ынтымақтастық үшін филиалға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар