2023 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысы, Іле ауданының №40 орта мектеп базасында “Үздік сынып жетекші – 2023” атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Хуршидам Масимова қазылар алқасы құрамында облыс педагогтерінің сынып жетекшілер ретіндегі тәжірибелерін көруге мүмкіндік алды.
Аталған байқауға облыстың 12 мұғалімі қатысты. Байқау барысынды педагогтер негізгі үш кезең аясында өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шарада педагогтердің заманауи технологияларды тиімді қолдануы, сыныппен жұмыс жасау шеберлігі, креативті идеялары әрбір қатысушының нақты мүмкіндіктерін ашуға ықпал етті.






