«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына облыстан 22 педагог жолдама алды.
2022 жылдың 11 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» институтында жүлделі орындарға ие болған педагогтерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде 22 аталым бойынша облысымыздың 465 педагогі қатысты, соның ішінде 123 педагогтің жұмысы үздік деп танылып, облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болды.
Байқаудың мақсаты – мұғалімнің ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибесін жинақтау, ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзіреттіліктерін арттыру.
Басқосуда институт директоры Софья Измуханбетова құттықтау сөзбен ашып, республикалық байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған педагогтерді құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ, мұғалімдердің осы шараға белсенді қатысуына, олардың сапалы, мазмұнды бейнематериалдар дайындауына қолдау көрсеткен, бағыт-бағдар берген аудандық білім беру бөлімінің басшылары мен әдістемелік кабинет меңгерушілері де Алғыс хатпен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!







