2021 жылдың 27 желтоқсан күні Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департамент басшысы Г.Т. Сулейменованың басшылығымен Атырау облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының міндетін атқарушы Гулмира Әлімқызы қатынасты.
Бас қосуда «Қалалық және аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының орындалуы», «Білім беру ұйымдарындағы әдеп жөніндегі кеңес жұмыстарының жүргізілуі туралы» және «Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық жөніндегі кеңес жұмыстарының жүргізілуі туралы» мәселелер қаралды.