Облыстық конференцияның секциялық отырысы өтті

Бүгін 11 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында білікті тұлға, педагогикалық еңбек ардагері Құспанов Өтебай Құспанұлының – 80 жасқа толуына орай, «Білім беру процесінде SMART технологияларды қолданудың тиімді практикасы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық отырысы өтті. Секция жұмысын Құспанов Өтебай Құспанұлы алғысөзбен ашты. Институт директоры Софья Салахиденқызы Измуханбетова конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.   

Секциялық отырыс бетпе-бет және онлайн Zoom платформасында:

 1. Мұғалімдердің кәсіби дамуының маңыздылығы

  1. Цифрлық білім беру технологиялары негізінде құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру

3. Оқыту сапасын арттырудағы Смарт технологияның рөлі

 тақырыптары бойынша ұйымдастырылды. Секциялық жұмыста баяндамашылар мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсiптік білім ұйымдарындағы  сабақ үдерісінде смарт технологияларын, онлайн сервистер мен әртүрлі білім платформаларын тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар оқу-тәрбие жұмысын қашықтықтан басқару,  инклюзивті білім беру,  цифрлық білім ресурстарын дайындау ерекшеліктері де назардан тыс қалмады. Конференцияға қатысушылардан 110 жұмыс түсіп,  сараланып,  үздік деп танылған 14 баяндамашы алғыс хатпен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар