Бүгін 28 наурыз Атырау облыстық Ұлттық гимназия базасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық педагогикалық оқулар «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында өз жұмысын бастады.
🔹Пленарлық мәжілісті «Өрлеу-Атырау» институтының директоры Роза Даулетова алғы сөзімен бастап, педагогикалық оқу қатысушыларына жылы лебізін білдірді.
Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Биманова Орынтай Молдашевна 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, М.Бекмухамбетов атындағы орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер – Нурбек Бекбауов қазылар алқасының атынан әріптестеріне, шара жұмысына сәттілік тіледі.
👩🏻🏫”Үздік педагог – 2023″ – Орынгүл Аяпбергенова, APEC Petro Technic жоғары колледжінің ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы «Қазіргі заманғы мұғалім: артықшылқтары мен даму мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
👩🏻🏫”Үздік педагог – 2023″ – Жумажан Бекбусинова, М.Бекмухамбетов атындағы орта мектептің қазак тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбында ой өрбітті.
Айта кетейік, биылғы педагогикалық оқуларға 17 секция бойынша 200-ге жуық мұғалім қатысуда.




