2022 жылдың 29 сәуірінде «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес Бәйдібек ауданы, «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп – интернат базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 2 – 4 сыныптар үшін әдебиеттік оқу пәні бойынша – жазылым дағдыларын дамытуға арналған әдістер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларның оқу сауаттылығын дамыту және әдебиеттік оқу пәні арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Іс – шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласына қарасты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 90 – педагогтер қамтылды. Семинар барысында мұғалімдер жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дағдысына қажетті негізгі құралдардың бірі болып табылатын функционалдық оқу сауаттылығын арттыру мақсатында оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» басты міндеттерінің бірі. Оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету және дамыту құралдарына бағытталған тәжірибелік сабақтар ұсынылды. Г.Б.Ильясова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Түлкібас ауданы, «Абай» атындағы метеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Примбетова Гульсара Қуатбекқызы әдебиеттік оқу пәні «Ағаштар неге ашуланады?» Б.Соқпақбаев тақырыбында іс – тәжірибесімен бөлісіп, десант сабақты өте жоғарғы дәрежеде өткізді. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап, курстан кейінгі барысында осындай іс шаралардың мағызы жоғары екенін, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, үлкен көмек болғаның айтып алғыстарын білдірді.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ильясова Гульзира Бахытбековна





