Облыстық семинар «Педагогтің кәсіби этикасы»

Бүгін Түркістан қаласы, Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінің базасында “Бірлескен төрттік” жоспарына сәйкес “Өрлеу” БАҰО” АҚ “Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ” филиалы мен Түркістан облыстық “Білім беруді дамыту орталығы” педагогтің әдеп нормалары мен қағидаттарын дамыту мақсатында «Педагогтің кәсіби этикасы» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен нормалары талқыланды. Семинарға қалалық, аудандық білім беру ұйымдарынан қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері өзара тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның ашылуына «Өрлеу – Шымкент» филиалы директорының орынбасары Мұхтар Ахтаев, Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы директорының инновациялық бастамалар жөніндегі орынбасары Руслан Тойшыбеков, «Әйтеке би» атындағы N26 орта мектебінің директоры Сұлтан Құрақбаев қатысты. Семинар барысында қызықты баяндамалар оқылды: «Педагогикалық әдеп нормаларының маңызы мен құқылық-теориялық емес», «Мұғалімнің қарым-қатынастары», «Ұрпақ тәрбиесінің бір бағыты қыз балаларменмен жүргіздірілген жұмыстың нәтиже», «Ұстаздың кәсіпқой іс-әрекетінді педагогикалық әдеп», Иинклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби, тұлғалық этикалық қасиеттері». Қазіргі мұғалімнің келбеті – бұл пәннің кәсіби білімі ғана емес, сонымен қатар этика, кез-келген жағдайда өзін-өзі бақылау, оқушылар арасындағы қақтығыстарды шешу, ата-аналар арасында байланыс орнату. Сондай – ақ, жас мамандар «Педагогикалық шеберлік-педагогикалық этик» тренингі, «Абай танымындағы жан қалауы» коучинг сабағы, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы барысында «Отбасылық құндылықты дәріптеудегі негизги қагидалар», «Дебат қозғалысы», «БП: оқушысы үшін ата – анаға қарағанда мұғалімнің тәрбиесі маңыздырақ және т. б.тақырыбында ток шоу тренингтері, коучингтер өткізіп көрсетті. Бұл семинар қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, педагогтар көптеген қызықты ақпараттар алып, өздерінің педагогикалық қоржынын толықтыра алды. Семинардың белсенді қатысушылары грамоталармен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар