Облыстық семинар өтті

15 сәуір күні А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында «Өрлеу»-БҚО институты тыңдаушыларының қатысуымен «Сабақтағы керібайланысты ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Оралдағы «Өрлеу» филиалы Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Динара Жумагалиева мен аға оқытушы Бағдагүл Габбасова қатысты.

       Мақсаты:  Бастауыш сынып мұғалімдеріне оқыту мен оқуды жетілдіру үшін ұйымдастырылған сабақтағы кері   байланыстың  маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру, тәжірибе алмасу. Семинарды А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының  директоры Елжас Кадыров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында аталмыш мектептің пән мұғалімдері Б.Карсакбаева «Табиғи жарық көздері», Қ. Тлегенова «Ғарыштан адам не іздейді», А. Каипова «Есептеудің және есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», А.Бекжанова «Дара және күрделі етістік»,  Б.Бекенова «Дыбыс қалай пайда болады?»  тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында өткен тәжірибелік алаң, шеберлік сыныптарды қатысушылар жоғары бағалап, қызығушылық танытты.

Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.    

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар