14 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастырумен А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында «Python бағдарламалау тілін оқытуда оқу мақсаттарын орындау үшін оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмыстарын ұйымдастырудың замануи әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Анаргүл Жумабаевна модераторлық етті.
Мақсаты: «Python бағдарламалау тілін оқытуда оқу мақсаттарын орындау үшін оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігін сабақ барысында көрсету. Семинар жұмысына облыстың 25 мектебінен информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Шара барысында пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі тақырыптарда пікір алмасты.



