Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен бірлестікте «Педагогикалық білім беру: заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды (офлайн және онлайн форматта)
Облыстық семинар орта білім беру жүйесінде инновациялық, цифрлық және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім сапасын арттыру үшін маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтар, озық іс-тәжірибелермен алмасу мақсатында өткізілді.
Семинар барысында ғалымдар мен оқытушы тренерлер, проактивті педагогтер оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне негізделген оқыту үрдісі, геймификация, STEM технологиялары, гуманитарлық және жаратылыстану-математика сабақтарында цифрлық ресурстар мен жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдары, оқушылардың білімін бағалау және мониторинг жасау туралы идеяларын ұсынды. Сергіту сәтінде нейропсихологиялық жаттығулар, яғни миға арналған қызықты гимнастика жасалды.
Семинар бойынша жасалған кері байланыстың нәтижесі – педагогтер білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған нақты ұсыныстар және инновациялық әдістерді қолдануға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге ие болды.