Облыстық әдістемелік кеңес өткізілді

«Шығыс» өңірлік орталығында өткізілген әдістемелік кеңес жұмысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық білім беру ұйымдары директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасарлары, ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» ШҚО бойынша филиалының, Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері және «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскерлері қатысты.

Өз сөзінде филиал директоры Гаухар Жуманова үздіксіз кәсіби даму барысында жаңа тәсілдер мен стратегияларға тоқталып, 2023 жылға жоспарланған 139 курстың басымдылықтарын, оқу бағдармаларының сапасын және курстан кейінгі сүйемелдеуді атап өтті.

«Шығыс» Өңірлік орталығының директорының м.а. Джакупова Г. әдістемелік жұмыс бойынша толық есеп берді. Педагогтардың жетістіктері аталып, олардың үздіксіз кәсіби дамуына аса мән берілді. Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне мұғалімдердің біліктілікті арттыру курс өтуінің мониторингісін жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.

ШҚО білім саласында сапаны қамту департаментінің директоры Махсутова З. білім мекемелерінің мемлекеттік аттестациядан өтуіне тоқталып өтті.

«Назарбаев зияткерлік орталығының» Педагогикалық шеберлік орталығының директор м.а. Пак В. өз сөзінде биылғы жылы 657 педагог мемлекеттік бюджет негізінде біліктілікті арттыру курстан өтетіндігін, тақырыптарын атап өтті.

Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарына спикерлер толыққанды жауап берді. Бірлескен жұмыс нәтижесін береді деп сенеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар