Облысымыздың биология пәнінің ұстаздары біліктілігін арттырды

«Өрлеу»-Павлодар филиалының қабырғасында қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының биология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курс «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өтті. Оған Павлодар облысының Ақтоғай, Шарбақты, Успен, Тереңкөл, Май, Баянауыл, Ертіс аудандары мен Екібастұз қаласының ұстаздары қатысты. (курс жетекшілері Р.Т. Нұрсейіт, А.Б. Алдабергенова)

Екі апта бойы өткен біліктілікті арттыру шарасы барысында мұғалімдер білім алушылардың функционалдық ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша практикалық білімдерін көрсетіп, оқу және оқытудың тиімді әдістерін оқыту үдерісінде қолдану дағдыларын дамытып, халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес тапсырмаларды сандық білім беру ресурстарын қолдана отырып құрастырды.


Сонымен қатар, тыңдаушылар көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты. Аталмыш сабақтарды қаламыздың №19 орта мектебінің, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты мен М.Әлімбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Курсқа қатысушылардың айтуынша, олар біліктілікті арттыру шарасы барысында білімдерін ғана нығайтып қана қоймай, облыс орталығының мықты білім ордалары мұғалімдерінің жұмыс тәжірибелерімен таныс болып, өздеріне түртіп алып, міндетті түрде оны өз сабақтарында қолданатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар