Облыс кітапханашылары ақпараттық технологияларды жұмыс барысында ұтымды қолдану жолдарын талқылады

Ақпараттық қоғамдағы сандық технологиялар кітапхана саласын дамытудың бірден – бір жолы болып отыр. Ақпараттық технологиядағы жетістік кітапхана жұмысының ұтымды, сапалы қызмет көрсетуін талап етеді. Осы орайда бүгін «Ақтөбе-Өрлеу» кітапханасында облыс кітапханашыларына арналған «Кітапхана жұмысында әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-код технологиясын тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты: Заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудің мәні мен мазмұнын ашатын тәжірибелермен бөлісу, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.📚Семинарға қала, аудандардан колледж, мектеп кітапханашылары қатысты. Семинар ұйымдастырушысы Нұргүл Ермекова кітапхана мамандарының заманауи цифрлық ресурстармен және технологиялармен жұмыс істеу, бұлтты технологиялар, әлеуметтік желілерде кітапхана жұмысын ілгерілетудегі цифрлық технологияларды қолдану, кітап оқуды насихаттауға бағытталған үздік цифрлық қызметтерді ұсыну жолдарын көрсетті. Семинардың практикалық бөлімінде Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Р. Ескарина іс-тәжірибесімен бөлісіп, шебер-сынып өткізді. Шеберлік-сыныпта оқушыларды кітап оқуға ынталандыратын ойындар, тапсырмалар, құжаттарға QR код, 3D кітап жасау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар сандық технология негізінде жасаған кітапхана өнімдерімен бөлісуге, пікір алмасуға, кері байланыс жасауға зор мүмкіндік алды. Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыста

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар