Облыс педагогтерімен кездесу

     Қаңтар айының 26-28 күндері аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдерімен кездесу өтті. Кездесуге филиал қызметкерлері және облыс педагогтері қатысты. Жиын мұғалімдердің пәндік қиындықтар аймақтарын анықтау, біліктілікті арттыру курстарының сапасын арттыру мақсатында өткізілді. 

15 пән бойынша ұйымдастырылған диалог барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибесі, пәнді меңгерту барысында кездесетін қиындықтар мен күрделі тақырыптар туралы ойларымен бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар өз пәндері бойынша шағын топтарға бөлініп, «Сіз өзіңіздің пәніңізден сабақ беруде қандай қиындықтарға тап боласыз?», «Сіздің ойыңызша, оқушыларға бұл тақырыптарды меңгеру неліктен қиынға соғады?», «Оқулықтан басқа тағы қандай қосымша ресурстарды пайдаланасыз?», «Сіз сабақтарыңызда оқытудың нәтижелілігін арттыру үшін не істейсіз?», т.б. сұрақтар бойынша пікір алмасты.

     Кездесу соңында педагогтер түйінді ойлары мен ұсыныстарын айтып, басты мәселелер назарға алынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар