Облыс педагогтерін курстан кейінгі қолдау

Сәуір айының 6-7 күндері Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы облыс педагогтерін курстан кейінгі қолдау мақсатында Шыңғырлау ауданының педагогтерімен кездесті. Аға оқытушы әдістемелік десант шеңберінде 2021-2022 ж. біліктілікті арттыру курсынан өткен Жаңақала мектеп- гимназиясының базасында болды. Бірінші күні Жаңақала мектеп-гимназиясы, №3 ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ болып курстан өткен мұғалімдердің сабағына қатысып, сабаққа қатысу қорытындысы бойынша мұғалімдерге керібайланыс беріп, әдістемелік қолдау көрсетті.

«Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбында 7 сәуір күні тәжірибеде анықталған проблемалар мен қиындықтарды бірлесіп талқылау және шешу мақсатында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар