Облыс педагогтері шетелдегі педагогтік жүйемен танысты

«Өрлеу – Жамбыл» аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат шетелдегі қазақ зерттеуші-педагогі Елшібеков Нұрғалидың қатысуымен Жамбыл облысының педагог магистрлері мен жалпы ізденіс үстіндегі педагогтер үшін халықаралық тәжірибемен бөлісу кездесу-алаңын өткізді. Кездесуге облыстың барлық аймақтарының педагогтері қатысты. Қазіргі таңда Вьетнам мемлекетінде зерттеушілік әрекетін жалғастырып жүрген білім беру жүйесіндегі зерттеулер магистрі Нұрғали Рахымұлы жеке өзінің тәжірибесіндегі жаңалықтармен бірге шетелдегі педагогтік жүйе туралы ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар онлайн кездесу барысында – мұғалімдерге магистратура қажет пе?, магистр-педагогтер мектепте немен айналыса алады?, педагог зерттеу дағдысын қандай тиімді тәсілдер арқылы жүргізе алады?, оқушының зерттеушілік дағдысын неден бастауға болады? деген бірқатар сұрақтар аясында кәсіби сұхбат жүрді. Қатысушылар тарапынан қызу сұрақтар қойылып, белсенді  кері байланыс жүрді.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар