Ойын арқылы ұлттық құндылықты бала бойына дарыту

Ү.ж. 29 ақпан күні «Өрлеу»-Жамбыл аға оқытушылары курстан кейінгі қолдау аясында Жамбыл облысының тәрбиешілеріне арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру ерекшеліктері мен балалар игеретін дағдылар» тақырыбында Тараз қаласының №4 бөбекжай бақшасымен бірге облыстық семинар өткізді.

Семинар барысында №4 бөбекжай бақша тәрбиешілері Пернебаева Нұргүл Исағалиқызы мен Сағымбекова Фаризат Мухтаровна ересектер мен мектепалды даярлық топтарда ұлттық құндылыққа негізделген, баланың soft skills дағдыларын дамытуға бағытталған ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізді. Балалар арасында soft skills дамыту олардың қоғамға табысты бейімделуі үшін ғана емес, сонымен қатар үйлесімді дамуына ықпал ететін жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін де маңызды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының оқытушылары Айгүл Болатқызы, Зере Өсербайқызы және Мадина Оңғарқызы Альфа буынының балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша тренинг, шеберлік сыныбын өткізді. Сабақтар мен тренингтер өткізу тәрбиешілер мен оқытушыларға үздік тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік береді, бұл кәсіби қоғамдастықты қосымша байытады.

Іс-шара барысында берілген сындарлы ұсыныстар мен ұсынымдар маңызды, өйткені бұл алдағы уақыттағы осындай іс-шаралардың жұмысы мен тиімділігін одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар