24 наурызда Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын цифрлық құралдарды қолдану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Әдістемелік орталық» әдіскерлерімен бірігіп «Ойын іс- әрекетінде пайдаланатын бейнероликтер жасаудағы цифрлық құралдар» тақырыбына қалалық семинар-практикум өткізді.
Жиын барысында филиалдың аға оқытушысы Тусупова Г.У. «МДҰ педагог жұмысында цифрлық құралдарды қолдану» тақырыбына сөз сөйлеп, дизайн әрі түрлі ойындарды жасау жолдарын көрсетті. №47 «Ақ желкен» балабақшасының әдіскері Сарсенбаева Г.Б. «Интерактивті тақтамен жұмыс жасауда балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру» тақырыбы бойынша қатысушыларға ақпарат берді. Инновация әдіскерлері семинар бағдарлармасы бойынша мектепке дейінгі жастағы балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруда интерактивті әдістерді қолдануды, дамытушы ойындар кейсін жасауда қолданылатын цифрлық техногиялардың түрлерін және ойын іс-әрекетін жасау үшін үлестірмелі материалдарды Canva қосымшасы арқылы жасауды үйренді.