Онлайн курстарға тіркелу жалғасуда

 Құрметті педагогтер!

     Азғана уақыт қалды! «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында  LMS платформасында базалық деңгейдегі онлайн курстарға тіркелу жалғасуда.

       Онлайн курсқа тіркелу уақыты 9 тамызға дейін екенін естеріңізге саламыз!   

    Тіркелу 5-9 тамыз аралығында https://bc.orleu-edu.kz сайтында жүргізілуде. Онлайн курсқа тіркелу үшін https://bc.orleu-edu.kz веб-сайтына өтіп,  «Оқуды бастау» батырмасын басып, тіркелу терезесінде 1-5 қадамдарды орындау қажет.

   Облыс бойынша 37 нысаналы мектептің педагогтеріне сындарлы-әдістемелік көмек көрсетілетін болады.

       Көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, 6 тамыз күні – 764 педагог, 7 тамыз – 1186, 8 тамыз күнгі көрсеткіш –    1449-ды құрайды.

      11 пән бойынша базалық деңгейдегі онлайн курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өткізетін болады. 12 тамыздан бастап бастауыш сынып, 19 тамыз күні қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері педагогтері,  26-27 тамыз күні жаратылыстану-математика пәндері педагогтеріне курстар басталады.

    Оқу курстары тегін өтетінін хабарлай отырып, педагогтерді курстарға белсенділікпен тіркелуге шақырамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар