ОНЛАЙН СЕМИНАР: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: тапсырмалар мен тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті.

Семинарды ашып, құттықтау сөз сөйлеген Атырау облымы бойвнша Кәсіби даму институты директорының орынбасары Жалмуханова Балауса Хоныспаевна педагогтердің кәсіби дамудағы жауапкершілігі мен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзектілігін атап өтті:
«Білім берудің жаһандық өзгерістері мен заманауи талаптарына сәйкес, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – әр педагогтің кәсіби міндеті. Бүгінгі семинар тәжірибе алмасу мен жаңа тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді», – деді ол.

Семинардың негізгі жұмысын жүргізген — Атырау облысы бойвнша Кәсіби даму институты Жаратылыстану-математика бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Аронова Алтынай Жеңісқызы.

Секция жұмыстарын жүйелеп, бағыттап отырған модератор – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Каленова Гүлзахира Сапарғалиевна.

Семинар барысында үш бағыт бойынша практикалық тапсырмалар мен әдістемелік ұсыныстар талқыланды:
1️⃣ Оқу және математика сауаттылығы – ситуациялық мәтіндер мен көп деңгейлі есептер әзірлеу, тапсырмаларды қолдану тәжірибесі.
2️⃣ Жаратылыстану және қаржылық сауаттылық – экологиялық-экономикалық жобалар, қаржылық жоспарлау және зерттеу дағдыларын дамыту.
3️⃣ Цифрлық сауаттылық және академиялық адалдық – қауіпсіз цифрлық ортада жұмыс істеу, ақпаратты сыни талдау дағдыларын қалыптастыру.

Семинарға өңір педагогтері белсенді қатысып, 40-қа жуық мақала ұсынылды. Оның ішінде 23 мақала сараптамадан өтіп, облыс бойынша таратуға ұсынылды.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға сертификаттар, спикерлерге алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар