Онлайн форматында вебинар өтті

      28 қаңтар күні «Өрлеу» БҚО институтында «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңыздылығы» тақырыбындағы облыстық онлайн форматында вебинар өтті.

       Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдануда тәрбиеленушілерге жұмыс түрлерін таныстыру арқылы педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

     Вебинар модераторы Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Алипкалиева Гульфия.  Вебинарға аудандық, қалалық, облыстық мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Шараны аға оқытушы Гульфия Бекетқызы алғысөзбен ашып, «Балалардың психофизиологиялық денсаулығын нығайтуда және сақтауда қандай технологиялар тиімді?» тақырыбына шолу жасап өтті.        Вебинар жұмысында облыстық мектептен тыс жұмыс орталығы мен Орал қаласының  балабақша тәрбиешілері «Мектепке дейінгі ұйымда асық технологиясын қолдану жолдары», «Нейробика и гимнастика для глаз – как здоровье сберегающая технология для детей», «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын массажы», «Үй жағдайындағы қимыл-қозғалыс ойындары» тақырыптарында баяндама жасады.

     Вебинар модераторы, тренер, Гульфия Бекетқызы мектепке дейінгі ұйымдары мамандарының тарапынан қойылған сұрақтарына тоқталып, қатысушылармен өзара пікір алмасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар