Оралдағы “Өрлеуде” курстар жалғасуда

        24 маусым күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институты филиалында мемлекеттік тапсырыс негізінде біліктілікті арттыру курстары жалғасуда. Екі апталық курс «Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу», «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыптарында өтуде.

       «Өрлеу» тренерлерінің жетекшілігімен өтіп жатқан курстарда математика пәні мұғалімдері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері және білім беру ұйымдарының педагогтері білімін жетілдіруде. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар